Жын адамға ғашық бола ма?
Жын адамға ғашық бола ма?
2 жыл бұрын 17655
Дайындаған Абдусамат Қасым

«Жын» сөзі араб тіліндегі «көзге көрінбейтін», «жасырылған» деген мағыналарға саятын «жәннә» етістігінен туындаған. Жындар адамдарға көрінбейтін,  адамдар үшін құпияға толы жаратылыстар болғандықтан, оларға «жын» деген атау берілген.

Жындар әлемі жайында бізге көп нәрсе белгісіз. Риуаяттарға қарағанда жындар өз ішінде үш топқа бөлінеді:

  • Ауада ұшып жүретін қанатты жындар,
  • Жылан, ит, шаян т.б. жын-жыбыр түріндегі жындар,
  • Адамдар ұқсап ішіп-жейтін, үйленетін, ұрпақ көбейтетін жындар[1].  

Алайда, жындардың адамдарға ғашық болатыны жөнінде сахих риуаяттар кездеспеген. Сол себепті, жынның ғашық боларын немесе құр шайтанның ойыны екенін дөп басып айту қиын. Дегенмен жынның да ғашық болуы мүмкін екендігін айтатындар бар. Олар адамның денесіне еніп, адамның сезімін және ақылын басқаруды және түсінде онымен қатынас жасауды көздейді деседі.    

Сондықтан да, денеге жын кірмес үшін кейбір алдын-алу шараларын айта кетелік:

  1. Әжетханаға кіргенде және моншаға кірерде «бисмилләны» айтып, арнайы дұғаны оқу.
  2. Шешінер кезде «бисмилләны» айтуды ұмытпау. Өйткені, бисмилләны айтқан кезде жын мен адам арасында бейнебір перде пайда болып, адамның жалаңаш денесін көру мүмкіндігі болмайды.
  3. Жатарда бисмиллә деп төсекті қағу.
  4. Жатарда әғузу, бисмилләны айтып, аятуль курсиді оқу.
  5. Ерлі-зайыптылар қатынасқа түсер кезде «бисмилләны» айту.
  6. Үйде тыр-жалаңаш жүрмеу.
  7. Айна алдында жалаңаш күйде тұрмау. 
  8. Ұзақ уақыт жалғыз қалмау. Жас баланы да үйде жалғыз қалдырмауға мән берілгені дұрыс.
  9. Анайы фильмдерді көрмеу. Анайы жаман фильмдерді көру де жынның денеге кіруіне себеп болуы мүмкін.
  10. Әжетханада қажетсіз ұзақ отырмау.

Ғашық жынның денеге кіргендігінің белгілері қандай?

Адамға жынның кіргендігінің белгілері ретінде мына нәрселерді сайып өтсек болады:

  1.  Табанды түрде үйленуден бас тарту. Үйленбей жүргенді ұнату.
  2.  Үйленуден азар да безер болу. 
  3. Түсінде жалаңаш адамдарды жиі көру және ғұсылының шектен тыс бұзыла беруі.
  4.  Себеп болмаса да шектен тыс шахуаттану.
  5.  Хош иістерді ұнатпау.
  6.  Намаз, зікір, Құран оқу сияқты діни құлшылықтарды орындаудан қашу.
  7.  Үнемі рухының қысылуы.
  8.  Тұйықтыққа салыну. Әрдайым өмірден тұңіліп, себепсіз мұңайып жүруы.
  9.  Айналадағыларын байқамау.
  10.  Ерлі-зайыптылардың бір-бірлерінен ұзақтасулары.
  11. Әйелі күйеуін немесе күйеуі әйелін көргісі келмеу. Жатқанда бірге жатудан қашып, бөлек жатуды жақсы көріп тұрулары, айлап, тіпті жылдап қатынасқа түспеулері.
  12.  Бірден қарсы жынысқа қызығушылықтың жоғалуы.
  13.  Жұбымен себепсіз ұрыс-керіс іздеп тұру.
  14.  Жыныстық талғампаздықпен айналысуға деген ұмтылыс.
  15.  Жатқанда жаныңызда біреуді немесе түсініксіз бір нәрсе жатқанын сезіну, біреудің тынысын сезіну.
  16.  Түнде ұйықтап жатқанда біреудің құшақтағанын сезіп, көзін ашқанда ешкім көрінбеуі.  
  17.  Душта, ваннада сағаттап отыру.
  18.  Үнемі ұйқы сұрап, көп ұйықтауды ұнату да жын кіргендігінің белгісі болуы мүмкін.
  19.  Әйелі бар бола тұра (немесе күйеуі бар бола тұра) өзгемен зина жасағанды тәуір көру.
  20.  Кіндіктің астыңғы жағы біз тығып алғандай немесе бір нәрсемен ұрғандай ауруы.  
  21.  Түнімен ұйықтамай жүру.

Ғашық жыннан арылу үшін оқылатын дұға-аяттар

Келесі ретпен мына Құран аяттарын оқып дем салса болады:  

  1. Фатиха сүресі (толық).
  2. «Бақара» сүресінің – 1-5, 102, 163-164, 255, 285-286 аяттары.
  3. «Әли Имран» сүресінің – 1-10, 18-29, 26-27 аяттары.
  4. «Әл-Араф» сүресінің – 54-57, 117-122 аяттары.
  5. «әл-Исра» –  45–51 аяттар;
  6. «Юнус» – 79–82 аяттар;
  7. «Таха» – 65–70 аяттар;
  8. «Мүмінун» – 97-98, 115–118 аяттар;
  9. «Саффат» – 1–10;
  10. «Ахкаф» – 29–32;
  11. «Рахман» – 33–36, 72-74;
  12. «Хашр» – 21–24;
  13. «Жын» сүресі – 1–9; 
  14. «Кафирун», «Ықылас», «Фаләқ», «Нас».
  15. Мүмкіндігінше Құранды бастан аяқ қатым етіп тұрғаны жөн.

Аталмыш аяттарды оқып, өзіңізге дем салсаңыз да болады немесе суға оқып сол суды ішіп тұрсаңыз да болады. 


[1] Имам Табарани, әлХәким, Ибн Хаббан риуаят еткен.

0 пікір