Сауд Арабиясының 200 мектебі қазақстандық CodiPlay технологиясын қолданатын болады
Сауд Арабиясының 200 мектебі қазақстандық CodiPlay технологиясын қолданатын болады
2 ай бұрын 840 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Сауд Арабиясының астанасында өтіп жатқан LEAP 2024 технологиялық форумы аясында қазақстандық CodiPlay білім беру технологиясының стартапы Жасанды интеллектуалды оқыту көмекшісімен (Artificially Intelligent Learning Assistant‎, AILA) стратегиялық серіктестік туралы меморандумға қол қойды. Бұл жайында islam.kz порталы forbes.kz ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. AILA - жасанды зерде арқылы білім берудің озық шешімдерін әзірлеуге маманданған саудиялық компания, ол әрбір студент үшін оқу тәжірибесін жеке тұлғаға бейімдеуге бағытталған. Аталған меморандумға қол қою рәсімі Ұлттық технологияларды дамыту бағдарламасы мен Сауд Арабиясының Байланыс және ақпараттық технологиялар министрлігінің қолдауымен өтті, ал қазақстандық тараптан Қазақстанның Саудиядағы Елшілігі қолдау көрсетті. CodiPlay өнімі жергілікті 200 мектептің оқу процесіне кіріктіріледі. CodiPlay - мобилді ойындарды пайдалана отырып, Scratch, C++ және Python тілдерінде бағдарламалау дағдыларын меңгеруге мүмкіндік беретін кешенді білім беру әдісі. Стартап қосымшаны, «Заттардың интернеті» жобаларын жасауға арналған CodiKit жинақтарын – бағдаршамнан бастап смарт үй жүйелеріне дейін дайындап қоймай, сондай-ақ, мұғалімдерді қолдауға арналған CodiTeach веб-платформасын әзірледі.

Слева направо: Ерканат Шоланов (первый секретарь посольства РК в КСА), Юсеф Альсаид, Ибрагим Нейяз, Жанадил Талдыбаев

0 пікір
Мұрағат