Үйді жазда салқындатып, қыста жылытатын бояу жасалды
Үйді жазда салқындатып, қыста жылытатын бояу жасалды
13 күн бұрын 714 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Америкалық ғалымдар инновациялық бояу ойлап тапты. Ол үйді жылытуға немесе салқындатуға (желдеткіш) кететін энергияны үнемдеуге әрі жылу мен желдеткіш үшін энергия өндіруде атмосфераға бөлінетін парникті газды азайтуға мүмкіндік бермек. Бұл жайында islam.kz порталы Proceedings of the National Academy of Sciences мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Статистикалық дерекке қарағанда, күллі әлем бойынша ғимараттарды жылытуға немесе салқындатуға жаһандық энергияның шамамен 13%-ы жұмсалады және осы шамадағы энергия өндіруде атмосфераға парникті газдардың 11%-ы бөлінеді. Америка құрама штаттарының Стэнфорд университеті жүргізген тәжірибе нәтижесіне сәйкес өзгеше бояумен сырланған ғимарат жылуға қажетті энергия шығынын 36%-ға дейін кеміткен, ал аптап ыстықта ғимаратты салқындатуға кететін энергия шығынын 21%-ға төмендеткен. АҚШ-тағы түрлі климаттық аймақтарындағы әдеттегі көппәтерлі үйді моделдеу арқылы сарапшылар сыртқы қабырғалар мен шатырға жаңа бояуды қолдану өз кезегінде бір жыл ішінде жалпы жылу мен желдету энергиясын тұтынуды 7,4%-ға азайтатынын анықтады. Бүгінгі таңда қолданылатын төмен эмиссиялық бояулар (яғни, үйлердің энергия шығынын азайтатындар) әдетте күміс-сұр немесе болат түсті болып келеді. Алайда, мұндай түстер барлық тұтынушыларға жарамайды, бұл оларды іс жүзінде пайдалану аясын шектейді. Стэнфорд қабырғасында ойлап табылған бояудың екі қабаты бөлек қолданылады: құрамында алюминий ұнтағына байланысты инфрақызыл сәулеленуді көрсететін төменгі қабат және инфрақызыл сәулелерді өткізетін жоғарғы қабат  (түрлі түсті бейорганикалық нанобөлшектері бар өте жұқа қабат). Стэнфордтың бұл бояуы ғимараттарға ғана пайдалы емес, сонымен қатар, жүк көліктері мен рефрижераторлы вагондарға қолданылса, ол тасымалдау кезіндегі тоңазытқыштың құнын (тоңазытуға кететін энергияны үнемдеу есебінен), демек, тасымалдау құнын төмендетеді. Оның екі қабаты да ылғалды ортада су өткізбейтін қасиеттерге ие. Ғалымдардың айтуынша, мұндай бояумен боялған қандай да бір заттың беткі жағын дымқыл шүберекпен оңай тазалауға немесе сумен жуып, кетіруге болады. Сынақтар жоғары және төмен температуралардың (Целсия бойынша плюс 80 және минус 196 градус) әсерінен бір апта өткеннен кейін, сондай-ақ, қышқылдығы төмен және жоғары ортада болғаннан кейін бояудың эстетикалық (яғни, өңі кетпейтінін) және өнімділік (сапасының төмендемейтінін) қасиеттерінің нашарламайтынын көрсетті.

0 пікір
Мұрағат