Иран тракторы әлемнің 24 еліне экспортталады
Иран тракторы әлемнің 24 еліне экспортталады
2 ай бұрын 392 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Иран трактор өндірісі компаниясы (ITMCO) басшысының орынбасары түрлі құрлықтағы 24 елге өз өнімдерін экспорттайтынын жеткізді. Бұл жайында islam.kz порталы irna.ir ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Түркияның адам құқығын қорғаушылар одағының Иранның трактор өнеркәсібіне сапары барысында Кәрім Ағылбан отандық тракторлар Германия, Франция, Италия, Ресей, Түркия, Италия, Ресей Еуропа елдеріне, сондай-ақ, Әзірбайжан мен Африканың түрлі елдеріне, Пәкістанға, Ауғанстанға экспортталатынын айтты. Осылай деген ол қазіргі уақытта компанияның түрлі елдерге экспорттаған өнімдер саны 4500 данаға жеткенін айтып, Иранда шығарылатын тракторлардың бағасы мен сапасы әлемдік өнімдермен бәсекеге түсе алатынына сендірді. Негізгі зауыты мен штаб-пәтері Иранның Табриз қаласында орналасқан, ITMCO деген атпен белгілі парсы елінің трактор компаниясы трактордан бөлек, жүк көліктері, автокөлік бөлшектері мен дизелдік қозғалтқыштар шығарады. Iran Tractor Industrial Group - Батыс Азиядағы ең ірі ауылшаруашылық машиналарын құрастыратын компания және бірқатар елде трактор құрастыратын зауыттары бар.

0 пікір
Мұрағат