Америкалық жазушы, бұрынғы пастор исламды қабылдады (видео)
Америкалық жазушы, бұрынғы пастор исламды қабылдады (видео)
2 ай бұрын 547 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Америка құрама штаттары мен кәрі құрлықта, яғни, Еуропада кеңінен танымал белсенді, бұрынғы пастор Шон Кинг қасиетті Рамазан айының алғашқы күні әйелімен бірге исламға келгендерін жариялады. Бұл жайында islam.kz порталы relevantmagazine.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Facebook әлеуметтік желісінде имамның көзінше тілін кәлимаға келтерген сәтін жүктеген екен. «Әйелім екеуміз Техас штатының Даллас аймағындағы мешітімізде кешкі намаздан үйге оралдық, онда біз Рамазан кірген кезде шәһадат айттық. Бұл біз үшін ешқашан ұмытылмайтын әдемі, күшті және мағыналы күн болды», деп жазған  екен. Шон Кинг – 1979 жылы дүниеге келген. Әлемжеліде әлеуметтік әділеттілікті ту етіп көтеріп жүреді. Азаматтық құқық қорғаушы ретінде танымал Шон Кинг Иса Мәсіхтің барлық «ақ еуропалық» мүсіндерін алып тастау керек, өйткені, бұл да «ақ шовинизмнің» бір түрі деп санайды. Оның пікірінше, үстемдік құралы ретінде қолданылған «ақ Иса» жалған, христиандар оны «басқыншылық қаруына» айналдырып алған.

 
0 пікір
Мұрағат