ЕО тұрмыстық электрлі техникаларға қатысты тұтынушылар құқығын кеңейтті
ЕО тұрмыстық электрлі техникаларға қатысты тұтынушылар құқығын кеңейтті
12 күн бұрын 691 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: Jean-Paul Pelissier / Reuters

Еуропалық Одақ (ЕО) тұрмыстық электроникаға қызмет көрсетуді жеңілдететін, дәлірегі, электронды құрылғысы бұзылып қалған жағдайды оны жөндетуге құқық беретін директиваны қабылдады. Бұл жайында islam.kz порталы Engadget ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. ЕО-ның бұл шешімі тұрмыстық электронды өнімдердің кепілдік мерзімін ұзартады, сонымен қатар, бұрын қызмет көрсетуден бас тартып келген өндірушілерді құрылғыларды жөндеуге мәжбүрлейді. Аталмыш заң қолданысқа енгенге дейін оны ЕО құрамындағы мемлекеттер мақұлдауы керек. Еуропада сатылатын гаджеттерге қазірдің өзінде екі жылға кепілдік беріледі. Дегенмен, пайдаланушының бұл арада екі құқығы бар - өндіруші оған ақаулы құрылғыны жаңасымен тегін ауыстыруды ұсынуы керек. Егер тұтынушы жөндеуді таңдаса, құрылғының кепілдік мерзімі тағы бір жылға ұзартылады. Жөндеу жұмысы тұтынушыға қолайлы бағамен ұсынылуы тиіс (кейбір өндірушілер тұтынушыны бездіру үшін әдейі жоғары баға белгілейді, бұл жайт өз кезегінде тұтынушыны ондай бағаға жөндеткенше жаңасын алуға итермелеуі мүмкін). Бақылаушы органдар клиенттерге қызмет көрсетуден бас тартпауын қадағалайды. Құрылғы бұрын басқа жерден жөнделсе де техника өндіруші оны қайта жөндеуден бас тартпауы керек.

0 пікір
Мұрағат