Араб елінің туристік саласының ұлттық табысқа қосатын үлесі есептелді
Араб елінің туристік саласының ұлттық табысқа қосатын үлесі есептелді
11 күн бұрын 475 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Марокконың туристік секторында 800  мың адам жұмыспен қамтылған. Туризм саласы аталған елдің жалпы ішкі өнімінің 7%-н құрап отыр. Бұл жайында islam.kz порталы Islam-Today ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Рабат қаласыда өткен туроператорлық кәсіпорындар кәсіподақтарының 14-ші форумында мінбеден сөз алған аталған елдің туризм, қолөнер және әлеуметтік экономика министрі Фатима әл Захра Аммур  елдегі туризм секторының көлік және қолөнер салаларының да дамуына ықпал етіп отырғанын мәлімдеді. 2022 жылы аталмыш елге 11 миллион, 2023 жылы 14,5 миллион турист келді. Бұл рекордтық көрсеткіш еді. Марокко ұлттық туризм басқармасының мәліметі бойынша 2023 жылы туристердің үштен бір бөлігінен астамы - шамамен 5 миллион адам - Франциядан келген.

0 пікір
Мұрағат