Алакөлге қатынайтын пойыз іске қосылды
Алакөлге қатынайтын пойыз іске қосылды
8 жыл бұрын 3933 inform.kz

Алматы облысында Алакөлге барып демалушылар қатары артқандықтан жергілікті бюджеттен «Жетіген-Достық-Жетіген» бағытында жолаушыларға арналған туристік пойыз жолға шықты. Бұл жобаға Алматы облысының әкімдігі қаржылай қолдау көрсетіп отыр. Жолаушылар пойызы 7 купе, 2 плацкарт вагонынан тұрады. Ол аптасына үш рет қатынайды. Пойыз тоқтайтын бекеттер: Жетіген, Сарыөзек, Үштөбе, Матай, Лепсі, Бескөл, 13 разъезд (Ақши ауылы), Көктұма, Достық станциялары.

Алакөлде ерекше күтімді қажет ететін жандарға арналған алғашқы пансионат ашылды (ФОТО)

Алматы облысы Алакөл ауданындағы Алакөл көлінің жағасында Қазақстанда тұңғыш рет ерекше күтімді қажет ететін жандарға арнап салынған «Асар» пансионатының ресми ашылу рәсімі өтті. Өткен жылы «Startup «Bolashak» стартап-жобалар байқауында екінші орын алған Елдос Баялышбаев өзінің бизнес-идеясын іске асыру үшін 8 миллион теңге көлемінде қаржылай жүлде алған.

Пансионат Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарының шекарасындағы Алакөл жағалауына салынған. Бұл орын тірек-қимыл ауруларын емдейтін, жүйке жүйесін қалпына келтіруге көмектесетін көлдің ерекшелігіне орай таңдалған. Пансионаттың жалпы сыйымдылығы - 30 адам. Қонақ үй бөлмесінде өмір сүру мен тамақтанудан бөлек, мұнда инватакси, жүзу бойынша жаттықтырушы маман, пансионаттың аумағы мен ғимарат ішінде кедергісіз қозғалу секілді  қызмет түрлері қарастырылған.

«Мен өз идеямды іске асыру үшін инвестицияны ұзақ іздедім. «Startup «Bolashak» жобасының арқасында, өз ойымды жүзеге асырдым. Мүмкіндігі шектеулі жандардың қажеттілігін қанағаттандыруды және өздерін қоғамның толық мүшесі ретінде сезінуді жобаның басты мақсаты ретінде алдым», - дейді Елдос Баялышбаев.

Апаттан зардап шеккен Елдос Баялышбаев Талдықорғандағы ерекше күтімді қажет ететін жандарға арналған «Асар» фитнес-клубының директоры. Екі жыл ішінде клубта 220 адам оңалту процесін өткізген, оның 35-і аяғына тік тұрған. Осылайша, «Асар» пансионаты аталған бастама дамуының келесі кезеңі болмақ.

Айта кетейік, «Startup «Bolashak» байқауын «Болашақ» Қауымдастығы және «Даму» қоры жүзеге асыруда.  Жоба әлеуметтік және кәсіпкерлік бастамаларды қолдауға бағытталған.

2015 жылы байқаудың бірінші маусымы өтті, оған 18-29 жас аралығындағы Қазақстанның 2000-нан астам жастары қатысқан.  

null

null

null

0 пікір
Мұрағат