Қазақстан шипажайларындағы демалыс құны қанша?
Қазақстан шипажайларындағы демалыс құны қанша?
8 жыл бұрын 2927

Қазақстан шипажайларындағы демалыс құны осы жылы жазда 3-39 мың аралығында болады. Бұл жайында "ҚазТАГ" ақпарат көзі хабар таратты.

Алакөл көлінде 2 орынды «стандарт+» класындағы номер бағасы шілде айында тамақтану құнын ескермегенде 14 630 теңгені құрайды. Бюджетті туристер үшін жеке секцияда екі орынды хостел ұсынылады. Оның бағасы — 3 мың теңге.

Балқаш көлінің демалыс базасында өткен жылмен салыстырғанда «стандарт» номерлерінің бағасы 5-10 мың теңгеге өскендігі байқалды. 2 турист жексенбі-сәрсенбі аралығындағы демалыс үшін тамақтану құнын есептегенде 17,5 мың теңге, ал сәрсенбі-жексенбі аралығында 35 мың теңге төлейді. «Полулюкс» класындағы номер 4 мың теңгеге қымбаттады, өткен жолы оның құны 39 мың теңге болған еді.

Бурабай шипажайындағы эконом-кластағы демалыс базасының жазғы үйінде тұру осы жылы 5 мың теңгеге дейін қымбаттады. Тамақтану құнын есептегенде 6 мың теңге, 3 мезгілдің тамақтану құнымен бірге 8,3 мың теңгені құрайды.

Қапшағай су қоймасының жағалауындағы демалыс орнына баратын туристер номер үшін 15-20 мың теңге төлеуі тиіс, бұл өткен жылғы тарифтермен салыстырғанда 5 мың теңгеге қымбат.

Оңтүстік Қазақстан облысындағы Сарығаш емдеу-сауықтыру кешенінде бағалар да аздап көтерілген. 2015 жылы Сарағаш шипажайларының біріндегі стандартты бір адамдық номер бағасы 7 мың теңгені құраса, осы жылы 7,5 мың теңгеге көтерілді.

Зеренді және Қарқаралы елдімекендердегі демалыс орындарында да баға қымбаттады. «Стандарт» класындағы жазғы үйді тамақтанумен бірге жалға алу Зерендіде тәулігіне 27,5 мың теңге (2015 жылы — 25 мың теңге) тұрады. Қарқаралыда тамақтану құнымен бірге 2 адамдық номер үшін 17 мың теңге төлеу қажет, өткен жылғы баға 15 мың теңге еді.

0 пікір
Мұрағат