Мұғалімдерге арналған мектеп формасын енгізуді ұсынды
Мұғалімдерге арналған мектеп формасын енгізуді ұсынды
8 жыл бұрын 8367 YK-news.kz

Шығыс Қазақстан облысы Зырянов ауданында педагогтарға арналған жаңа мектеп формасы пайда болуы мүмкін..

«Бүгін біз мұғалімдерге арналған форма енгізу мүмкіндіктерін қарастырудамыз - оның бірыңғай үлгіде болуы шарт емес. Әр мектеп өз киім үлгісін таңдай алады. Зыряновтың №1 бастауыш мектебінде педагогтарға арналған бірыңғай киім үлгісі қабылданды», - деді аудан әкімі Аркадий Исаев. Бұдан бұрын А.Исаев аудандық білім беру, дене тәрбиесі және спорт бөлімінің басшысы болған.

Зырянов білім бөлімінде оқушыларға арналған бірыңғай форма тазалық пен тәртіптің орнауына оң әсер еткенін, енді бұл тәжірибені мұғалімдер арасына енгізетінін атап өтті.

ШҚО білім беру басқармасының басшысы Айжан Садықованың айтуынша, 2016-2017 оқу жылында педагогтарға арналған бірыңғай мектеп формасын заңды тұрғыда енгізу жоспарда жоқ. Әрбір білім беру ұйымы аталған мәселені жарғылық құжаттар мен ішкі тәртіпке сәйкес қарастыруда.

0 пікір
Мұрағат