1000 теңгенің төңірегіндегі дау әлі толастар емес
1000 теңгенің төңірегіндегі дау әлі толастар емес
2 жыл бұрын 1017

Өткен жолы Ақтөбе қаласының тұрғыны, түркітанушы ғалым, тарих ғылымдарының докторы Талғат Жұмағанбетовтың 1000 теңгелік банкноттың жаңа үлгісінен қателік тауып, ақша шығарушыларды сынға алғанын хабарлаған болатынбыз. Бұл жолы Рамазан Сүлейменов атындағы шығыстану институтының жетекші ғылыми қызметкері Нәбіл Бозыхан ақтөбелік әріптесінің 1000 теңгелік банкнотқа қатысты жасаған мәлімдемесінің негізсіз екенін айтып отыр. Оның айтуынша, 1000 теңге банкнотында түркілердің ұлы қолбасшысы Күлтегін емес, әйел бейнеленген. Оның сөзіне қарағанда, 1300 жыл бұрынғы ежелгі түркілер заманында әйелдер билік басында болған емес. Әйелдердің мүсіндері екінші түркі қағанаты құлағаннан кейін пайда болған. Нәбіл Бозыхан Күлтегіннің Білге қағанның кіші кіші бауыры болғанын, 16-шы ғасырда

барлық ұрысқа қатысып, 47 жасында дүниеден озғанын тілге тиек етті. Бір айта кетерлігі, бұл банкнот 2013 жылдың желтоқсан айының 12-і күні ежелгі түркі өркениетін дәріптеу мақсатында айналымға 10 млн данамен шығарылған.

0 пікір
Мұрағат