Невропатолог ауырсынудың ең ауыр түрін атады
Невропатолог ауырсынудың ең ауыр түрін атады
14 күн бұрын 743 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Босану кезіндегі ауырсыну ең ауыр ауырсынудың бір түрінен саналады, алайда, одан да бетер жанға бататын ауырсынуды тудыратын дерт бар. «Роспотребнадзордың» Щелково орталық эпидемиология ғылыми-зерттеу институтының молекулярлық диагностика орталығының невропатологы Ксения Лепилова «Доктор Питер» басылымына ауырсынудың ең ауыр түрін атады. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Білікті маманның сөзіне қарағанда, он балдық шкала бойынша ең ауыр ауырсынуға жататын лкастерлік бас ауруы кейде жантөзгісіз келеді – 15 минуттан 3 сағатқа дейін созылуы мүмкін. Дерт меңдеген науқастың өз-өзіне қол жұмсау қатері артып кетеді. Мұндай дерттен адам көз іліндіре алмайды, не жатқызбайды, қысқасы, адам жанын қоярға жер таппайды. Көздің маңында пайда болатын дерттен адам еңсесін көтере алмай қалады, жанарынан жас ағып, көзі қызаруы мүмкін. Кластерлік бас ауыруы өмірге қауіп төндірмейді, алайда, ол созылмалы болып келеді. Кенеттен ұстауы мүмкін. Адамды қажытатын, өмірге құлшынысын басатын аурулардың бірінен саналады.

Ұқсас материал:

«Ауырсынудың ең ауыр түрлерінің тізімі жасалды» (https://islam.kz/kk/news/alem/auyrsynudyn-en-auyr-turlerinin-tizimi-jasaldy-19654/#gsc.tab=0

0 пікір
Мұрағат