Байкардың жаңа ұшқышсыз ұшу аппараты отандық қозғалтқышымен биіктік рекордын жаңартты (видео)
|
Түріктердің Baykar компаниясы Bayraktar TB3 ұшқышсыз ұшу аппаратының отандық қозғалтқышпен жабдықталған, кеменің үстіне арналған нұсқасы ұшу биіктігі бойынша рекорд жаңартты. Бұл жайында islam.kz порталы Daily Sabah мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. 34-ші және 35-ші сынақ ұшулары кезінде ұшқышсыз ұшақ он шақырымнан астам биіктікке көтеріліп, рекорд жаңартқаны атап өтілді. Құрылғы TUSAS Engine Industries әзірлеген PD-170 қозғалтқышымен жабдықталған. Мұндай биіктікке отандық қозғалтқышпен жабдықталған ұшатардың бірде-біреуі көтеріле алмағаны да айтылған хабарламада.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
BionicBee робот аралары үйір құруды үйренді (фото+видео)
■
SiMaxx аккумуляторлы кеудешелер болашақ сарбаздарын екі есе энергия қорымен қамтамасыз етеді (видео)
■
Күн энергиясы бойынша көш бастаған елдер анықталды
■
Адамзат таза әрі шексіз энергия алуға бір табан жақындады
■
Ең пайдалы жемістердің біріне жойылу қаупі төніп тұр