Оразасын бұзған адам қоғамдық жұмысқа жегіледі
|
Әбдірахман Әбділәтіп есімді саудиялық заңгер қасиетті Рамазан айында оразасын бұзған адамды дүрелеп, абақтыға жапқанша, оны қоғамдық жұмысқа жегіп жазалауды ұсынды. Оның айтуынша, жазалағанда да оның жергілікті мәдениеттен қаншалықты хабардар екенін ескеру керек. Денсаулығы мықты, алайда, ораза ұстауға ниеті жоқ мұсылманды қатаң жазалау керек. Егер мұсылман емес адамның тапа тал түсте тамақ ішкені әшкере болса, оған оразаның мәні мен мағынасын түсіндіріп, ораза ұстаған саудиялықтарға құрметпен қарауға шақыру керек. Яғни, оған қоғамдық орындарда немесе көпшіліктің көзінеше емес, оңашада тамақтану керектігін түсіндіру қажет.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Халал сертификатына ие болған кәсіпорындар
■
Генетикалық ақпараттың берілуінің тағы бір тетігі анықталды
■
Жаһандық проблемаға байланысты жыл өткен сайын азық-түлік қымбаттай беретін болды
■
2100 жылға қарай барлық дерлік елде бала туу көрсеткіші өсу деңгейінен төмендейді
■
Суды микропластиктен қайнату арқылы тазартуға болатыны анықталды