Тасқыннан жыл сайын жаһандық экономикаға $50 млрд шығын келеді
Тасқыннан жыл сайын жаһандық экономикаға $50 млрд шығын келеді
12 күн бұрын 296 24.kz

Әлемде 1,5 миллиард адамға, яғни, дүниежүзі халқының бестен бір бөлігіне су басу қаупі төніп тұр. Бұл туралы 24.kz ақпарат көзі хабарлады. 

Ал су тасқынынан жыл сайын жаһандық экономикаға 50 миллиард доллар шығын келеді. Бұл – ағылшын ғалымдарының «Нейча» журналында жариялаған деректері.

Мамандар кейінгі жылдары климаттың өзгеруі салдарынан табиғат апаты жиілей түскенін айтады. Былтыр тасқын көп елді әлекке салған. Мысалы, өткен жылы көктемде Италияда кейінгі 100 жылдағы ең алапат су тасқыны болды. 20 мың адам баспанасыз қалды. Жазда Бейжіңде рекордтық мөлшерде жаңбыр жауып, 31 мың тұрғын эвакуацияланды. Ал күзде Африканың солтүстігіндегі Ливияда алапат тасқыннан 1 миллион адам зардап шекті. Табиғат апатынан мемлекетке 71 миллион доллар шығын келген.     

 

0 пікір
Мұрағат