Елбасы жаңа мешіттің ашылуында болды
Елбасы жаңа мешіттің ашылуында болды
10 жыл бұрын 3895 akorda.kz/

Елбасы Қазақстанның барша мұсылман қауымын ертең басталатын қасиетті Рамазан айымен құттықтады!

–  Бұл айда жұрттар, Құран Кәрімде өсиет етілгендей, ораза ұстайды. Құран қағидаттарына сәйкес, осы айда адам баласы Аллаға жақындай түседі және олар мейірім, бақыт, береке-бірлік, толеранттылық, өзге жандарға қайырымдылық жасау,  күнәларынан арылу және медет тілеу жөнінде ойлануға тиіс. Еліміздің барша мұсылмандарына ұлық Ораза айының сынағынан сүрінбей өтуді тілеймін, – деді Елбасымыз.

«Пригородный» тұрғын алабында, Арнасай көшесі мен Қабанбай батыр даңғылының қиылысында орналасқан жаңа мешітті көру барысында Нұрсұлтан Назарбаев  оның елордадағы сегізінші мешіт екенін атап өтті.

– Мешіт елордамызға келетін қонақтар үшін қолайлы. Болашақта бұл мешіт тек ізгілік пен бірліктің құтты мекені болады деп сенемін, – деді Мемлекет басшысы.

Мешіттің жалпы алаңы – 1087,6 шаршы метр, жерінің аумағы – 8 гектар, мұнарасының биіктігі – 28,9 метр.  Ғимараты  1500 адамға лайықталған.

0 пікір
Мұрағат