Рок жанрында да мұсылман әйелі өнер көрсете бастады (ВИДЕО)
Рок жанрында да мұсылман әйелі өнер көрсете бастады (ВИДЕО)
9 жыл бұрын 2557

Жизель Мари – католик отбасынан шыққан 42 жастағы неміс мұсылман әйелі. Ол 2009 жылы ұлының қазасынан кейін исламды қабылдады. Бауырларымен бірге «Хэви металл» деп аталатын стилде рок-тобын құрып, өзі гитарашы болды. Күн сайын үстінен тастамайтын ниқабы оның сахнадағы бейнесіне де айналды. Немістердің Tribune басылымына берген сұхбатында ол сахнаға ниқабымен шыққанда діндес бауырларын ғана шошытып қоймай, көрермендерді де екіұдай сезімде қалдырады екен. «Адамдардың менің жүзіме қарағаны керек емес, олар менің дінім – ислам екенін, ал музыка – менің шұғылданатын ісім екенін білсе екен деймін»,- деп жауап берді.

 

0 пікір
Мұрағат