Емханада 47 жылын өткізген пациент дүниеден озды
Емханада 47 жылын өткізген пациент дүниеден озды
9 жыл бұрын 3722

Бұл қайғылы жағдай Бурса провинциясында орын алды. Марқұм біреулердің көмегінсіз жүріп-тұра алмайтындай аса қатты дімкәс та емес еді. Бар-жоғы ол өзіне емханада қалуға рұқсат еткен дәрігерлермен жақын достасып кеткен болатын. Үстіміздегі жылдың қыркүйек айының 25-і күні 70 жасында дүниеден озған Абдулла Козан емханаға 1978 жылы түскен болатын. Ол сусамырмен және демікпемен сырқаттанатын. Бұған қоса, науқастың басы жиі ауыратын еді. Пациент дәрігерлермен жақын достасып кеткені сондай, олар оны емханада қалдыруға рұқсат етіп қана қоймай, науқасты өздерінің командасының бір мүшесіндей көреді. Оны емханадан шығару мерзімі біткенде жаңа пациент ретінде қайта тіркеп қоятын. «Біз оған қолұшын созып, қамқор болдық, өйткені, оның жасыл картасы (аз қамтылған азаматтарға берілетін әлеуметтік карта – ред.) бар болатын. Алайда, халі нашарлағанда оны құтқарып қала алмадық», - деді емхана қызметкерлерінің бірі. Hurriyet Daily News ақпарат көзі хабарлағандай, жартысынан көп ғұмырын емханада өткізген марқұмды өзі туып-өскен Инегел ауданында жерледі. 

0 пікір
Мұрағат