Халал туризм нарығы 5 жылдың ішінде екі есеге артады
Халал туризм нарығы 5 жылдың ішінде екі есеге артады
9 жыл бұрын 2864

Дубайдың сауда-өнеркәсіп палатасының қызметкері 2020 жылға қарай мұсылман туристер қарасының бүгінгі көрсеткішпен салыстырғанда үштен бірінен асатынын алға тартып отыр. Осыған орай халал туризм нарығы бүгінгі деңгейінің жартысынан асатынын да тілге тиек етті. Бұл жайында Islam-today ақпарат көзі хабар таратты. Нақты санмен өрнектегенде, осы уақыт аралығында туристер қарасы 150 млн адамға дейін артып, олардың саяхатқа жұмсайтын шығыны 200 млрд АҚШ долларына жетіп жығылатын болады. Ал шариғат талаптарына сай туризм секторының құны 230 млрд долларға өседі. Соңғы екі жылдың ішінде халал туризм нарығы 11,5%-ға өскен, бұл көрсеткіш жылдан жылға артпаса, кемімейді. 2020 жылға дейін жыл сайын кем дегенде 5,5%-ға артып отырады. Өткен жылы саяхатшы мұсылмандар саны 108 млн адамға жетті. Бұл көрсеткіш әлемдік туристер санына шаққанда он пайызды құрайды. Ішінара айтқанда, оның шамамен 40%-ын Таяу Шығыстағы дамыған бес елдің туристері құрайды. Ал бұл бағытта көш бастап тұрған екі елді айтпай кетуге болмайды: Индонезия және Малайзия. Десе де әлемдік деңгейде халал туризм саласы бойынша Түркия алда келе жатыр. 

0 пікір
Мұрағат