Қазақстанда ажырасқандарға айыппұл салынбақ
Қазақстанда ажырасқандарға айыппұл салынбақ
6 жыл бұрын 2548

Сенатор Әли Бектаев некесін бұзғандарға баж салығын барынша көтерейік деген ұсыныс жасады. Сонда артық шығынды ауырсынған жанұялар ажыраспайды екен,-деп жазды stan.kz КТК арнасына сілтеме жасай отырып.

Елімізде отбасындағы қиындықты көтере алмай, екі жаққа кеткен жұптар  саны күн санап көбеюде дейді депутат. Соңғы 5 жылда 51 775 шаңырақ шайқалған.

Егер неке бұзғаны үшін баж салығын еселеп көтерсек, отбасын да сақтап қалуға болады деп сенеді сенатор. Қазір ата-аналар тәрбиеге де жүрдім-бардым қарайтын болған. Бар жауапкершілікті мектепке артып қою дұрыс емес. Ұл мен қызы қылмыс жасаса, әке-шешесін де жазаға тартайық деп отыр Бектаев.

Ал заң бұзған әйелдерге кешіріммен қарауға шақырды.  Қыз-келіншектерге жазаны барынша жеңілдетіп, абақтыны айыппұл салумен  ауыстыруды және әйелдер түрмесін шетінен жауып тастауды ұсынды. Қазір еліміздегі 6 әйелдер түрмесінде 2 мыңнан астам қыз-келіншек жазасын өтеуде.

«Отбасылық өмірдің рухани негіздері деген арнайы пән әзірлеп, оған лайықты оқулықтар дайындап, мектеп бағдарламасына енгізуді. 5 және одан көп бала туған аналарға әлеуметтік жалақы дайындап, бала күтіміндегі уақытты еңбек өтіліне теңестіруді.Түрмеде отырғандар санын бірте-бірте азайта отырып, әйелдер түрмесін мүлдем қысқарту шараларын қарастыруды ұсынамыз»,-дейді  Сенат Депутаты Әли Бектаев.

1 пікір
  • Саламатсыздарма мына хабарды оқып мен қуанып отырмын дұрыс болар еді осылай заң қабылданса меніңше ер жігіттерде өз жауапкершілігін мойнына алып әкесіз балалар тарбиеленбес еді. Отбасында ердің, әкенің құрметі жоғары болуды жан жақтама тәрбиелі болып өсуші еді. Әйтпегенде келешекте еркек кім әйел кім екенін ажырата алмай қаламыз, өйткені мына қоғам барлық жауапкершілікті әйелдің мойнына артып келе жатыр. қолдаймын сізді Әли Бектаев мырза
    6 жыл бұрын
Мұрағат