Билік ауысады
Билік ауысады
6 жыл бұрын 3525 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Нақты ресми болмаса да нанымды ақпарат көздерінің таратқан хабарына қарағанда, бүгін-ертең Саудия королі Салман ибн Әбдіәзіз билік тізгінін тақ мұрагері - ұлы Мұхаммед ибн Салманға ұстатады. Монархтың көзі тірісінде осындай қадамға барғалы тұрғаны және соңғы бірер күнде орын алған саяси аласапыран нақты билік кімнің қолында екенін анық көрсетіп берді. Ресми түрде билік қазіргі королдің қолында болғанымен, нақты билік ресурстары ұлының қолына шоғырланған. Егер Саудиялық полицияның дерегіне сенсек, жемқорлар қазынадан 100 млрд доллардан аса қаражатты жымқырған. Соңғы 3 жылдың ішінде. Бұл жайында Associated Press ақпарат көзі хабар таратты. Аталған елдің бас прокуроры Сауд әл-Муажиб мәлімдегендей, жеке тұлғалаларға тиесілі шамамен 1,7 мың банктегі есеп-шот бұғатталған. Осы уақытқа дейін 208 адам жемқорлыққа қатысы бар деген күдікпен тұтқындалған. 

0 пікір
Мұрағат