Еуропалық ел қорғаныс өнеркәсібін соғыс режиміне ауыстырды
Еуропалық ел қорғаныс өнеркәсібін соғыс режиміне ауыстырды
9 күн бұрын 259 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Ұлыбританияның қорғаныс өнеркәсібі соғыс режиіміне ауыстырылады. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Полша астанасында Солтүстік Атлант саяси-әскери альянсының (НАТО) бас хатшысы Йенс Столтенбергпен бірге баспасөз жиынында Ұлыбритания премьер-министрі Риши Сунак мәлімдемесіне жөн сілтеген IslamNews ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Осылай деген британ басшысы бірер жылдан соң, дәлірегі, 2030 жылға қарай қорғаныс шығынын жалпы ішкі өнімнің 2,5%-на дейін арттыратынын, яғни, базалық деңгейге жеткізетінін тілге тиек. Бұл деңгеймен шектеліп қалмай, жыл сайын қорғаныс шығынын арттыруға уәде берді. Базалық деп, мемлекет қауіпсіздігіне жұмсалатын шығынды кем дегенде осы деңгейде ұстайтынын меңзеді. Риши Сунак мұндай қадамға әлемдегі қауіп-қатерге кез келген сәтте тойтарыс беруге сақадай сай дайын болу үшін барып отырғандарын жасырмады. Қытай, Ресей, Иран және Солтүстік Корея атворитарлық елдер тарапынан төнген қауіп бұрыннан бар болса да аталған мемлекеттер жыл өткен сайын әлемді тұрақсыздықты тереңдетіп келеді. Премьер-министр алдағы алты жылда мемлекеттің қорғаныс саласына қосымша 93,3 миллиард доллар инвестиция тартылатынын атап өтті. Атап айтқанда, ұшқышсыз ұшу аппараттарын дамытуға инвестиция ұлғайып, қорғаныс саласына қатысты жаңа инновациялық агенттік құрылады. Британия НАТО құрамында Америка құрама штаттарынан кейін әскери державаға айналуы үшін қорғаныс саласына қыруар қаржы бөлмек.

0 пікір
Мұрағат