Балтық жағалауы елі шетелдіктерді де әскерге алатын ережені қабылдады
Балтық жағалауы елі шетелдіктерді де әскерге алатын ережені қабылдады
10 күн бұрын 355 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: Ints Kalnins / Reuters

Латвияның министрлер кабинеті әскери қызмет туралы заңға енгізілетін түзету мақұлдады. Бұл жайында islam.kz порталы rus.lsm.lv ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыш түзетуге сәйкес елде әскери жағдай енгізілген кезде тілек білдірген шетелдік азаматтарды қарулы күштер қатарына қабылдауға болады. Латвия әскеріне Еуропалық одақ құрамындағы елдерден, Еуропалық еркін сауда қауымдастығына мүше (ЕО-дан басқа оның құрамына Исландия, Норвегия, Швейцария және Лихтенштейн кіреді) елдерден, Солтүстік Атлант әскери-саяси альянсқа (НАТО) мүше елдерден, Австралия, Жаңа Зеландия, Бразилия және Украинадан қабылдануға құқылы. Латвияның ұлттық қарулы күштер сапында болғысы келетін шетеліктер ел аумағында заңды түрде болуы тиіс. Бұдан бөлек, олардың бұрын қылмысқа барғаны немесе бармағаны, өтелмей қалған жазасының бар-жоғы да, шетелдік ұлттық қауіпсіздік қызметінде, барлау қызметінде жұмыс істегені немесе істемегі де тексеріледі. Бұған қоса, латыш тілінен өзге ағылшын немесе француз тілін білуі міндетті. Осы орайда Латвия тарапынан Еуропаға қырғи қабақ соғыс кезіндегідей қорғанысқа қаржы бөлуді ұсыныс айтылғанын айта кетпекпіз.

0 пікір
Мұрағат