Пайғамбар мешітіндегі жұма уағызы алты тілге аударылады
Пайғамбар мешітіндегі жұма уағызы алты тілге аударылады
9 жыл бұрын 3162

Нұрлы Мәдина шаһарындағы Пайғамбар (Алланың сәлемі мен игілігі жаусын) мешітінің іс-шаруасымен айналысатын басқарма жұма уағызын бірден алты тілге (ағылшын, урду, хауса, чичева және түрік) аударуды қолға алмақ. Араб тілінен аударылатын уағыз радиомен FM-диапазон жиілігінде таратылады. Бұдан бөлек, тиісті мәтінде аталмыш жобаға арналған сайттан тауып алуға болады. Бұл науқан өз кезегінде құтпаны түрлі ұлттар мен мәдениет өкілдеріне түсінікті етіп жеткізуге мүмкіндік береді.  Осы мақсатта мұсылмандарға уағыздың синхронды аудармасын тыңдауға мүмкіндік беретін құрылғы таратылады. 

1 пікір
Мұрағат