Электрмен жүретін 110 жылдық тарихы бар көлік сатылды (фото)
Электрмен жүретін 110 жылдық тарихы бар көлік сатылды (фото)
9 жыл бұрын 5767

Жуырда Данияда өткен бәссаудада 1905 жылы шыққан Woods Queen Victoria Brougham электрмен жүретін, жалғыз данасы сақталған көлік 94,5 мың долларға сатылды. Бұл жайында Gizmag ақпарат көзі хабар таратты. Көліктің бұл көне түрі әлі жүріп тұр. Оны аздап жетілдіріп, осы заманғы аккумулятор мен жылдам зарядталатын жүйе орнатылды. Ал артқы барабаны мен қалған асай-мүсейіне тиіскен жоқ. Көлікті Чикагодағы Woods Motor Vehicle Company компаниясы жасап шығарған. Аталмыш фирманың негізін қалағандар қатарында Standard Oil менеджерлері мен Томас Эдисон Сэмюэль Инсалдың (Samuel Insull) хатшысы бар. Америкалық электромобильді көлікті ойлап тапқан Клинтон Эдгар Вудса (Clinton Edgar Woods) патентін сатып алған Woods Motor Vehicle Company жылына 500 данаға дейін көлік шығарып келген болатын. ХХ ғасырдың бас кезінде Queen Victoria Brougham моделі қымбат электрмен жүретін көліктердің ортасынан ойып тұрып орын алған еді. Сағатына 48 шақырым жылдамдықпен жүретін болған. Айта кетейік, ХХ ғасырдың бас кезінде бу мен электр бүгінгі жанар-жағармайға қарағанда маңызды рөл ойнаған еді. Ол кезде жанар-жағармаймен жүретін көлік түрі сасық, қауіпті әрі жүрісі баяу саналатын көліктің түрі болатын. Ол ол ма, қорғасынды-қышқылды батареямен жүретін көліктің өзі жылдам жүретіндігімен, дыбысының бәсең болатындығымен, пайдалануға қолайлылығымен ерекшеленетін. 1900 жылы әлем бойынша шамамен 30 мың электрмобиль жүрген екен. Бұл рекордтық көрсеткіштен тек 2010 жылы ғана асқан болатын.

 

0 пікір
Мұрағат