Көру қабілетін өмір бойы өзгеріссіз ұстайтын таңғажайып линза шығарылмақ (Видео)
Көру қабілетін өмір бойы өзгеріссіз ұстайтын таңғажайып линза шығарылмақ (Видео)
9 жыл бұрын 4500

aq.kz ақпарат көзінің хабарлауынша, Ocumetics Technology компаниясының негізін салушы Доктор Гарт Уэбб (Dr. Garth Webb) көздің көру қабІлетінің нашарлығын жақсартудың бір жола шешу жолын ұсынып отыр. Ұсынылған құрылығы көздің көргіштігін қамтамасыз етіп қана қоймай, қалыпты нормадан үш есе жақсартады.

 Құрастырушы компания аталмыш құрылғыға Ocumetics Bionic Lens атауын беріп отыр. Мамандар құрылығыны 8 жыл бойына құрап келген, барлық шығыны 3 млн АҚШ долларына жетеқабыл. Бұдан басқа құрылғы өмір бойы көздің көруін жақсартуымен қатар, көзілдірік пен линзаны тағудың еш қажеттілігі болмайтын көрінеді.

Таңғажайып Ocumetics Bionic Lens құрылғысын көзге орнату үшін шағын ота жасау керек. Ол үшін көздің беткі шелін сылып тастап, жасанды линза кигізіледі. Бұл амбулаториялық процедура ешқандай наркоз тәрізді тәсілдерді қажет етпейді. Көз ішінде аталмыш имплантатты орнату үшін небәрі сегіз минут уақыт кетеді екен.

Ота барысында бионикалық линза көз ішіне арнайы шприц арқылы құйылады. 10 секунд ішінде сұйық линза керекті орынға жайылып, сол сәттен көру қабілетті түзетеді. Сондай-ақ уақыт өте келе көру қызметінің нашарлауы тағы басқадай әсерлері болмайды.

«Бұрын сіздер сағатты үш метр жерден көре алған болсаңыздар, аталмыш линзадан соң 9 метр қашықтықтан-ақ сағат тілін нақ байқау алатын боласыздар» дейді Гарт Уэбб.

Алайда дәрігер мұндай таңғажайып технологияның қандай тәсіл арқылы әсер ететінін айтпай отыр. Бірақ көздің биофизикалық өзгерулері мен өзге де қауіп болмайтындығын айтады.

Дәрігердің айтуынша мұндай тәсіл лазерлі көз отасынан әлдеқайда жақсы.

«Себебі лазрелі көз отасы көздің сау қабығын күйдіріп тастайды. Әрі лазермен жасалатын отадан соң физикалық ауыр жүк көтермеу, бейуақытта көз көргіштігінің нашарлауы тәрізді болатын кері әсерлері бұл линзада болмайды» деп ескертеді Г. Уэбб.

Енді компания бұл линзаларды клиникалық тәжірибеде сынап көрмек. Алдымен жануарларды сынақтан өткізгеннен соң, көзі көрмейтін адамдарға қолдануды бастамақ. Құрылғы нарыққа 2017 жылы шығарылмақ, жас мөлшері жиырма бестен асқан адамдарға қолдануға болады.

Ая ӨМІРТАЙ 

0 пікір
Мұрағат