Арал теңізінің тереңінде мешіт бар (Видео)
Арал теңізінің тереңінде мешіт бар (Видео)
2 жыл бұрын 12526

E-islam.kz ақпарат көзінің хабарлауынша, ғалымдар Арал теңізінің тартылған орнында тылсым таңбалар мен ескі мешіттің орнын тапқан. Математикалық тұрғыдан сызылған түзу сызықтар ғаламшардан түсірілген суреттер арқылы белгілі болған. Осы туралы ақпарлаған Жаңаөзен ақпараттық-қоғамдық сайты аталған белгілерді жер бетінен байқаудың мүмкін еместігін алға тартады.  

Білікті мамандар табылған сызықтардың бойында энергетикалық күш өрісі кәдуілгі аймақтан жоғары екенін мәлімдеген. Бірақ аталған тылсымның құпиясын ашқан ешкім жоқ деседі. Ғалымдар құпияның сыры Арал толық құрғағанда ғана ашылуы мүмкін деген пайымға келген. 

Видеода ресейлік журналистердің жоғарыда аталған құбылыстың негізінде жасалған дәйектері, мамандар пікірі келтірілген.

3 пікір