Орындық туралы пәтуа дау тудырды
Орындық туралы пәтуа дау тудырды
2 жыл бұрын 872

Бангладеште мешітте орындықты пайдаланып, намаз оқуға болатыны немесе болмайтыны турасында шығарылған пәтуа дау тудырды. Аталмыш пәтуа жүріп-тұруы қиын мүмкіндігі шектеулі жандар мен қарттарға қиын тиді. Бұл жайында «Al Arabiya» ақпарат көзі хабар таратты. Бұл пәтуаны билік өкілдері де, мұсылман ғалымдары да сынға алды. Нақтырақ айтқанда, Бангладеш премьер-министрі әрі шейх Хасина министрлер кабинетінің жиналасында пәтуамен келіспейтінін мәлімдеді. «Біз ойдан шығарылған негізсіз пәтуаға наразылық білдіреміз. Орындық ғасырлар бойы мешіттерде намаз кезінде пайдаланып келген», - деді мұсылман жетекшілері де. Алайда, ислам агенттігінің жетекшісі Шәмім Абзал Пайғамбарымыздың (Алланың сәлемі мен игілігі жаусын) өсиетін (хадисін) оқығанын айта келіп, осындай пәтуа шығарғанын жеткізді. Оның айтуынша, орындық мешіттің сәнін кетіреді. Десе де, ол Пайғамбарлар падишасының (Алланың сәлемі мен игілігі жаусын) орындыққа отырып, намаз оқығанын да тілге тиек етті.

1 пікір
Мұрағат