Үндістан әлемдік чип өндірушілердің алғашқы бестігіне кіруге шешім қабылдады
Үндістан әлемдік чип өндірушілердің алғашқы бестігіне кіруге шешім қабылдады
1 ай бұрын 397 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: Marijan Murat / dpa / Globallookpress.com

Үндістан билігі алдағы бес жыл ішінде елдің әлемдегі ең ірі чип өндірушілердің алғашқы бес елдің қатарынан көрінуі үшін барлық жағдайда жасайды. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде аталған елдің байланыс және ақпараттық технологиялар министрі Ашбини Байшнавтың мәлімдемесіне жөн сілтеген CNBC және lenta.ru ақпарат көздеріне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Үнді министрінің айтуынша, жартылай өткізгіштер саласының нарығы өте күрделі. Бұл нарықтан Үндістан өз үлесін алуға әлеуеті толық жетеді. Бұдан бөлек, чип өндіретін компаниялардың көбісі Қытайға тәуелді болғандықтан аталмыш нарықта жаңа ірі ойыншының пайда болуына мүдделі - бәсекелесті арттырып, өнімнің өзіндік құнын түсіруге көмектеседі. Бұған қоса, Үндістанда бұл бағыттағы технологияны жетік білетін мамандар жетерлік. Осы орайда сарапшылардың жартылай өткізгіштер нарығындағы айналымның алдағы жеті жылда бір триллион долларға жететінін болжап отырғанын айта кетпекпіз. Осы көрсеткішті ескерсек, қосымша бір млн-дай инженер қажет болады, міне, чип нарығындағы осындай тенденцияларды назарға алу арқылы Үндістан бұл саланы игеріп, таяу болашақта пайда болатын проблемалардың алдын алуға көмектеседі. TrendForce сараптамалық компаниясының 2023 жылдың желтоқсан айындағы дерегі бойынша Тайуан жаһандық қуаттың шамамен 46 пайызын құрайтын жартылай өткізгіш өндірушілер арасында көшбасшы болып қала береді. Алғашқы бестікке, сонымен қатар, Қытай (26 пайыз), Оңтүстік Корея (12 пайыз), АҚШ (6 пайыз) және Жапония (2 пайыз) кіреді.

0 пікір
Мұрағат