Парамен тұтылған прокурорлар қараған істер мен соттардың үкімі қайта қарастырылуы мүмкін
Парамен тұтылған прокурорлар қараған істер мен соттардың үкімі қайта қарастырылуы мүмкін
1 ай бұрын 556 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Өзбекстан республикасының заң шығару палатасы жетекшісінің орынбасары Әділжан Тәжиев парақор қылмыскерлер қараған барлық істерді қайта қарау туралы ұсыныс жасады. Лауазымды қызметкердің пікірінше, талай азаматқа осындай арсыздардың әрекеті салдарынан әділетсіз айып тағылып, жазықсыз жапа шегіп, түрмеге қамалуда. Бұл жайында islam.kz порталы kun.uz ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. «Бүгін тағы бір прокурор пара алып жатқан жерінде ұсталды. Өткен аптада Мыңбұлақ аудандық сотының төрағасы пара алып жатқан жерінде ұсталды. Өкінішке орай, мұндай жағдайлар үйреншікті жағдайға айналып барады. Алайда, басты міндеті – заңдылықты қамтамасыз ету болып табылатын адамдардың өздерінің заң бұзуы адамдардың заңға, сайып келгенде, мемлекетке деген сеніміне нұқсан келтіреді. Сондықтан мұндай тұлғалардың қылмысын бағалағанда олардың бекіткен айыптау актілері мен олардың бұрынғы қызмет барысында азаматтарға қарсы шығарған шешімдерін де қоса бағалау керек», деп мәлімдеді ол. Осылай деген ол бұл бағыттағы заңнаманы жетілдіріп, мұндай қылмыскерлер қараған істі қайта қарау тетігін енгізу керектігін алға тартты. Сонда ғана әділеттілік орнатайтынын жеткізді. Осы орайда бұған дейін аталған елдің қылмыстық істер жөніндегі Мыңбұлақ аудандық сотының төрағасы сотталушының жазасын жеңілдету үшін 20 мың доллар талап етіп, мемлекеттік күзет қызметі қызметкерлері жүргізген жедел іс-шара барысында алдын ала 2 мың доллар алып жатқан жерінен ұсталғанын айта кетпекпіз. Ал ақпан айының 13-і күні Қаған ауданының прокуроры Баходир Гуломовты МҚК қызметкерлері 90 мың АҚШ долларын алып жатқан жерінде ұстады.

0 пікір
Мұрағат