Күллі әлем бойынша кемтарлық негізгі себебі айтылды
Күллі әлем бойынша кемтарлық негізгі себебі айтылды
1 ай бұрын 717 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Ғалымдар мүгедек болып қалудың негізгі себебіне жазатайым оқиғаларды емес, неврологиялық ауруларды жатқызып отыр. Бұл жайында islam.kz порталы The Lancet Neurology мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Жаһандық ауыртпалық, жарақат түрлері және қауіп факторларын зерттеу (GBD) нәтижесінің негізгі, жаңа талдауына сәйкес 2021 жылы 3,4 миллиард адам неврологиялық аурулардан зардап шеккен. Бұған инсульт, Альцгеймер ауруы және деменцияның (алжудың) басқа түрлері, сондай-ақ, халықтың өсуі мен қартаюына байланысты жиілігі артқан менингит, қоршаған орта мен өмір салты факторлары кіреді. Ғаламдық ауқымда неврологиялық аурулармен байланысты мүгедектіктің, ауру түрлерінің және мезгілсіз өлім-жітімнің жалпы көрсеткіші соңғы 31 жылда 18 пайызға артып кеткен. 2021 жылы ең көп таралған неврологиялық ауытқулар - бас ауруы (шамамен екі миллиард адам) және бас сақинасы (шамамен 1,1 миллиард науқас). Диабеттік нейропатия - ең жылдам етек алып келе жатқан неврологиялық ауру және бұл дерттен зардап шеккендердің саны 1990 жылдан бері үш еседен аса өсіп, 2021 жылы 206 миллионға жетті. 2021 жылы жүйке ауытқыунан зардап шеккендердің бестен бірін балалар құраған – 18 пайыз.

0 пікір
Мұрағат