Терроризмді желеу еткен теріс заң қабылданды
|
Францияда арнайы қызмет туралы заң қабылданды. Парламентте мақұлданған аталмыш заң жобасында халықты қадағалау қарастырылған. Әсіресе, кәрі құрлықтағы осы елде азшылықты құрайтын мұсылман жамағатын қадағалауға баса мән берілген. Бұл өз кезегінде құқық қорғаушылардың сынына ұшырап, наразылығын тудырды. "Amnesty International» құқық қорғау ұйымының өкілдері осыған байланысты дабыл қағып, Францияны «тыңшылар елі» деп атады. Аталмыш заңның заңнан аттамайтын мұсылмандардың құқығына қол сұғатынын тілге тиек етті олар. Құқық бұзатын заң – кереғарлық, қайшылық өз кезегінде қайшылықты тудырады. Ақылға сыймайтын бұл заңның мемлекеттің қауіпсіздігі үшін қабылданғанын жеткізді премьер-министр Мануэль Вальс.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
СПИД-ке қарсы дәрі ойлап тапқан Йемендік ғалым, дін қайраткері Абдульмәжид Зиндани дүние салды
■
Араб шөлі көлге айналды (видео)
■
Ашық ғарыш кеңістігінде скафандр (арнайы қорғаныш киімін) кимеген адамның қандай күйге ұшырайтыны көрсетілді (видео)
■
Үйді жазда салқындатып, қыста жылытатын бояу жасалды
■
Туабітті зағип жан нені «көре алатынын» айтты