Шығыстанушының жауабы: Қытайдағы дүрбелең кім үшін қажет?
Шығыстанушының жауабы: Қытайдағы дүрбелең кім үшін қажет?
4 жыл бұрын 3036 bugin.kz Райхан Сейсебаева, Айжан Мүтә

Қытайдың дұшпаны көп

Шығыстанушы және орыс жазушысы Дмитрий Косырев жаңа коронавирустың айналасында туған үрейдің кім үшін қажет екендігін айтты. 

Оның айтуынша, әлемде ауыр дерт жайлаған кез аз болған емес. Алайда, Қытайдағы тараған вирустың айналасында шу көбейіп кетті. Мысалы, 2019 жылдың қазанынан бастап АҚШ-та тұмау індетінен шамамен сегіз мың адам қайтыс болған. Ал тұмауды жұқтырып ауырып қалған адам саны - 15 миллионға жуық. Алайда, олкезде мұндай дүрбелең болған емес. Сол сияқты әлемде Эбола вирусы да талай адамның жанын қиды, тіпті, әлі де өршіп тұр. Бірақ, қазір бүкіл әлем коронавирусты ғана талқылап кетті. Косырев бұл "геосаяси қарсыласты жою" тәсілі болуы мүмкін, деп есептейді. Яғни, Қытайдың дұшпандары мұндай дүрбелеңді қолдан жасап, арнайы шиеленіске айналдырып отыр. 

- Бірақ, американдық инфекция туралы ешкім де бүкіл әлем бойынша жаңалықтардан, бағдарламалардан "Жұлдызды соғыстағы" сияқты респираторлардағы адамдарды көрсетіп қорқыныш фильм жасап жатқан жоқ, - деп жазады Косыревтің сөзін РИА Новости.

Сонымен қатар, шығыстанушы бұл вирус шынымен де қауіпті және сақтық шаралары "артық болмайтынын" атап өтті. Алайда, осы ахуалды саяси жағдайды бұзу үшін де, тіпті қытайға қарсы қорқыныш пен үрейду ушықтыру үшін де қолдануға болатынын ескеру қажет. Сонымен қатар, індетке байланысты басқа елдердің экономикаларына үлкен ақша әкеліп жатқан қытайлық туристер де елден шыға алмайды.

- Мұндай геосаяси ойынмен бәселекесті қысуға немесе мұндай дүрбелеңнен үлкен байлыққа кенелуге болады. Әйтпесе, әлем алдында тұрған мәселе өте көп. Мәселен, ғаламшардың жылынуы. Бірақ оны ешкім сөз етіп жатқан жоқ, - деп есептейді Косырев.

Тәжвирусы: Қытай 62 млрд доллар жоғалтуы мүмкін

Экономика есеңгіреп қалмақ

Бейжің вирустың экономикаға жасайтын соққысын барынша азайту мақсатында әрекет етуде. Алайда, әзірге індеттің емін табу қиындық туындатуда.

Қытай экономикасы вирустың кесірінен қиындыққа ұшырауда, дейді CNN басылымы. 

Қытай және әлем экономистері вирустың кесірінен осы маусымда өсуін 2%-ға төмендетеді деп болжап отыр. Вирустың кесірінен ірі зауыттар мен компаниялар жұмысын тоқтатқан. Өз кезегінде ол 62 миллиард доллар шығынға әкелмек.  

Қытай экономикасы 2019 жылы өсуін тоқтатып, 29 жылдағы ең нашар көрсеткішті көрсетті. Оған АҚШ-пен болған сауда соғысы мен Гонконгтегі қақтығыстар себепкер болды. 2020 жылы бұл екі шешімін таппаған қақтығыстың үстіне вирустың қосылуы Қытай экономикасын құрдымға жібереді, дейді сарапшылар.

Құлдыраған қытай экономикасы: вирус салдарынан қандай брендтер жабылды?

Қытай вирустың салдарын шығынға ұшырауда

Қытайдағы вирус экономикаға соққы болуда. Әлемдік компаниялар Қытайдағы зауыттары мен дүкендерін жауып жатыр.

Әлемге танымал IKEA компаниясы Қытайдағы дүкендерін вирус ауыздықталғанша жабатынын мәлімдеді. Қытайдағы 30 ірі дүкенін жабу арқылы тұтынушылары мен қызметкерлерін індеттен аман алып қалғысы келеді. 

Қытайдың Xiaomi компаниясы да дүкендерін 3 ақпанға дейін жабу туралы шешім қабылдаған.  

Apple компаниясының директоры Тим Кук Қытай бойынша орналасқан дүкендердің жұмыс сағатын азайту, кей аймақтарда жабу туралы шешім қабылдағанын жеткізді.

Google Қытай, Гонконг, Тайваньдағы барлық офистарын жапты. Компания қызметкерлері үш аптаға қашықтықтан, үйде отырып жұмыс істеуге мәжбүр. 

Ал Lufthansa, SWISS пен Austrian Airlines, Air Canada, Air France компаниялары Қытайға ұшуды тоқтатып, сақтану шараларын қолға алды. Бұл миллиондаған қытай кәсіпкерлерін тығырыққа тіреген шешім болып отыр.

"Компаниялардың Қытайдағы жұмысын тоқтатуы қытай азаматтарын біраз уақытқа жұмыссыз қалдырып, экономикаға салмақ салатын болады", дейді сарапшылар.  

0 пікір
Мұрағат