Күн энергиясын 18 жыл сақтайтын молекула жасалды (фото)
Күн энергиясын 18 жыл сақтайтын молекула жасалды (фото)
4 жыл бұрын 2589 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Аталмыш жоба авторлары өздерінің жаңалығын жаз мезгілінде жинаған энергияны қысқа қор ретінде сақтап қою үшін пайдалануды жөн көріп отыр. Швециядағы Чалмерс техникалық университетінің ғалымдары изомер молекуласында күн жылуын сақтайтын технологияны одан ары жетілдірді. Бұл жайында аталмыш жоғарғы оқу орнының сайты хабар таратты. Осыдан бір жыл бұрын ғалымдар негізін көміртек, сутек және азот құрайтын молекуланы жасағандарын жария еткен болатын. Оған күн сәулесі түскенде изомерге айналады – химиялық құрамы сол молекула, бірақ, атомдарының кеңістіктегі орны ауысқан. Оны ғалымдар күн энергиясының молекулалық сақтағышы деп аталатын жүйеде пайдаланды. Бірнеше жыл бойы оны жетілдірумен болды. Біріншіден, ғалымдар бұрын тез тұтанатын толуолдан тұратын жүйе ішіндегі сұйықтықтың құрамын өзгертті. Екіншіден, молекуланың дизайнын өзгертті – бұл шара өз кезегінде энергияны 18 жылға дейін сақтауға мүмкіндік берді. Қамаудағы энергияны сыртқа шығару үшін сұйық изомер катализатордан өтуі тиіс. Реакция сұйықтықтың температурасын Цельсия бойынша 63 градусқа көтереді. Бұл нені білдіреді? Егер изомердің бастапқы температурасы 20 градус болса, катализатормен өзара әрекеттен кейін 83 градусқа көтеріледі. Аталмыш жоба авторлары күн энергиясының молекулалық сақтағышын үйдің шатырына орнатып, жаз бойы күн сәулесін сіңіретін болады. Күн суытып, қыс түскенде үй қожайыны изомерді сүзгі арқылы шығаратын болады, бұл өз кезегінде үйдің ішін жылытады. Осынау зерттеуге жетекшілік еткен Каспер Мот-Поулсен (Kasper Moth-Poulsen) кезеңдік жүйе атмосфераны ластайтын энергия көздерінен бас тартуға мүмкіндік беретін артықшылығын алға тартып отыр. Бұл бағытта зерттеу жүргізген ғалымдар мұнымен ғана шектеліп қалмай алдағы уақытта оның температурасын Цельсия бойынша 110 градусқа дейін жеткізуді көздеп отыр.  

0 пікір
Мұрағат