Тірі генетикалық қару бостандыққа жіберілді
Тірі генетикалық қару бостандыққа жіберілді
4 жыл бұрын 5147 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Нью-Йорк мегаполисіндегі Корнелл университетінің ғалымдары генетикалық тұрғыдан модификацияланған Plutella xylostella күйесін ауыл шаруашылық өсімдіктеріне жаудай тиетін зиянкестерге қарсы қару ретінде егістік алқабында сынақтан өткізді. Бұл жайында Phys.org ақпарат көзі хабар таратты.

Ғалымдар ұрғашысымен шағылысу кезінде ұрпақ өрбіту қабілетін жоятын генді дарытатын қырыққабат күйесі көбелегінің еркегін бостандыққа жіберді. Бұл шара өз кезегінде жабайы ортада зиянкестердің өсіп-өрбуін бәсеңдетуге мүмкіндік бермек. Аталмыш ген бірнеше буыннан кейін күйелердің тұқымымен тұздай құрып бітуіне алып келе ме? Бұл сауалдың жауабы төменде беріледі. Жылыжайда жүргізілген осы бағыттағы арнайы зерттеу мен тәжірибе барысы, нәтижесі көрсеткендей, ұрпақ өрбітудегі қызметі өзімен шектелетін жәндік зиянкестердің көбеюіне тосқауыл қойып, олардың инсектицидке деген төзімділігінің шыңдалуына жол бермеген.

Plutella xylostella – әлемдегі ауыл шаруашылығына орасан зор шығын әкелетін негізгі зиянкестердің бірінен саналады. Аталмыш жәндіктен келетін шығын жылына 5 млрд долларды құрап отыр. Олардың личинкасы қырыққабатпен, рапспен, т.б. қоректенеді. Жылдан жылға пестицидке төзімділігін арттырып келе жатқан зиянкес болғандықтан ғалымдар осындай тәсілмен көзін құртуды қолға алды.

Ғалымдардың бұл шарасы бақылауға келетін және белгілі бір шектен аспайтындықтан табиғаттағы тепе-теңдіктің бұзылуына жол бермейді. Яғни, қырыққабат күйесінің ұрпағының 50 пайызы өледі – бір ұрпақ ауысатын уақыт аралығында. Ғалымдардың есебі бойынша өздері енгізген ген бірнеше буыннан кейін жоғалатын болады.

Мұндай технология гендік драйв (gene drive) деп аталады. Ғалымдар бұл тәсілді жыл сайын талай адамның өмірін жалмайтын дерттің алдын алу үшін - безгек тарататын масалар тұқымын құрту үшін пайдалануды көздеп отыр.

0 пікір
Мұрағат