Сауда соғысы АҚШ-қа не үшін керек
Сауда соғысы АҚШ-қа не үшін керек
6 жыл бұрын 4219 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Ақ үй қожайыны билікке бизнес әлемінен келген тұлға. Күллі әлемге тамақ керек алдымен. Ол - экономика. Кім экономикада үстем болса, соның мерейі үстем. Оның протекционизмі Дональд Трамптың өмір соқпағының осы өзгешелігінен өрбіп жатыр. АҚШ президенті Дональд Трамп аталған елдің тарихында түрлі саяси қадамдарымен тарихта қалуы ықтимал лидерлердің бірі болуы мүмкін. Бір қарағанда, радикалды шараларымен ең алдымен АҚШ-тың мүддесін алға шығарған Дональд Трамптың қатерлі (қатерлі дейтінімз, президенттің имиджіне өз-өзін ақтамаса елеулі нұқсан келтіруі мүмкін сауда саясаты турасында айтылып отыр бұл арада) қадамы оның қолындағы ең басты көзірге айналады деп, тіпті, конгресмендердің өзі сенген жоқ еді. Ол ол ма, АҚШ сенаторлары конгреспен келіспей тұрып, әлемнің өзге елдеріне сауда-саттық шектеу енгізуіне тыйым салатын заң жобасын да ұсынған болатын. Аталмыш заң жобасын қабылдауға немесе күн тәртібінен алып тастауға 60 күн мұрсат беріліп отыр. Десе де Дональд Трамптың бұл саясаты әзірге өз-өзін ақтаған сыңайлы. Олай дейтініміз, соңғы статистикалық мәліметтерге қарағанда, дәлірегі, наурыз айындағы дерек бойынша қаржы дағдарысы кезіндегіден бері алғаш рет сауда тапшылығының азайғаны байқалған. Бұл Дональд Трамп үшін ғана емес, күллі АҚШ тұрығндары үшін жағымды жаңалық еді. Алайда, түпкі мақсат сауда балансын қалпына келтіруде емес еді, басқада еді. Сәл кейінірек айтармыз бұл турасында.  Ал сәуір айында сауда тапшылығы 2,1%-ға, яғни, 46,2 млрд долларға кеміді. АҚШ экспорты артып, импорты екінші ай қатарынан азайып келеді. Бұған қоса, наурыз айындағы дерек бойынша 10 млрд доллар табыспен - жақсы көрсеткішпен аяқтады. Енді әу бастағы сауалымызға қайтып оралайық: "сауда соғысы" аталған саясат ең алдымен қазіргі Ақ үй қожайынына АҚШ-тың әлемдік экономикадағы қуатын сақтап қалу үшін керек болды. Сауда-саттықтағы шектеу - геосаясаттағы қысым көрсетудің бір жолы болып отыр. Былайша айтқанда. 


 

0 пікір
Мұрағат