Қазақстанда жұмыссыз жастардың саны 84 мыңға жетті
Қазақстанда жұмыссыз жастардың саны 84 мыңға жетті
6 жыл бұрын 3354 7kun.kz Atameken Business Channel

2018 Қазақстанда жұмыссыз жүрген жастардың саны 84 мыңға жеткен. Сарапшылардың мәліметінше, 2018 жылдың алғашқы үш айының қорытындысы бойынша жұмыссыздық деңгейінің ең жоғарғы көрсеткіші Алматыда тіркелді,  деп хабарлайды Finprom.kz.

«Қазақстанда 2018 жылдың алғашқы үш айының қорытындысы бойынша жұмыссыздық деңгейі 4,1 пайыз болды. Ал 2017 жылы бұл көрсеткіш 3,9 пайыз болды. Жұмыс күші 1,2 (24,6 мың адамға) пайызға өсті, яғни, 2,05 млн-нан 2,07 млн адамға дейін», – делінген сарапшылардың зерттеуінде.

Сондай-ақ, мамандардың айтуынша, Алматыда 16,2 мың адам (жастар) жұмыссыз жүр. Бұл елімізде 15-28 жас аралығындағы жұмыссыз халықтың 19,3 пайызын құрайды. Бұл тізімде Алматыдан кейін ОҚО өңірі тұр. Онда да жастар арасындағы жұмыссыздық 54,3 пайызға жеткен – 8,7 мың адамнан 13,5 мың адамға дейін. Ал үшінші орында Қарағанды облысы тұр. Қарағандыда жұмыссыз жүрген жастардың саны 7,3 мыңға жетті. Бұл 2017 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 3,2 пайызға көп.

Сондай-ақ, сарапшылардың зерттеуіне қарағанда жұмыссыздық деңгейінің төмен көрсеткіші СҚО мен Астанада байқалады. Астанада жұмыссыз жүргендердің саны азайды. Онда жұмыссыз жастардың саны бір жылда 6,8 мың адамнан 5,8 мың адамға дейін қысқарған.

0 пікір
Мұрағат