Пұтханадағы кісі өлімімен аяқталған ойран (видео)
Пұтханадағы кісі өлімімен аяқталған ойран (видео)
6 жыл бұрын 6814 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Үндістанның Тамилнад штатына қарасты пұтханалардың бірінде кісі өлімімен аяқталған оқыс жағдай орын алды. Бұл жайында The Daily Mail ақпарат көзі хабар таратты. Пұтқа табыну барысында піл аяқ астынан ашуға ерік беріп, алып хайуан 48 жастағы қожайынын жерге құлатып, таптап өлтірді. Пілді 40 минуттан соң ғана сабасына түсіре алған. Бұл кезде пұтханада шамамен 300 адам болған, олардың бәрі шұғыл шығарылды. Піл қожайынының жансыз денесі сот-тергеу экспертизасы үшін мәйітханаға жөнелтілді. Ал қайғылы жағдай орын алған пұтхана уақытша жабылды. 

 

0 пікір
Мұрағат