Құранды өртеген әйелді жазалағандардың үкімет өздерін жазалады
Құранды өртеген әйелді жазалағандардың үкімет өздерін жазалады
2 жыл бұрын 3409 Ауғанстанда Фаркунданы шәһид деп санайды

Ауған соты Құранды өртеді деген күдікпен ұсталған қызды жабылып соққыға жыққан 11 азаматты кінәлі деп тапты, - деп хабарлайды “Ассошиэйтед Пресс”.

Бұл қайғылы жағдай наурыз айының соңында Кабул орталығында Шах до Шамшира мешітіне жақын маңда орын алған болатын. Ғаламторда орналасқан видеодан бір топ қарақұрым адам Құранды өртеді деген айып тағып бір әйелді соққының астына алып жатқанын байқаймыз. Ол топтың арасында 20 полицей қызметкерлері де болған. Олар әлгі әйелді өлгенше соққыға жығып, тепкілеп өзенге батырып жібермек болған. Нәтижесінде белгілі болғандай 27 жастағы Фаркунда есімді әйел бала кезінен психикалық ауытқулармен сырқаттанған. Бірақ, Құранға байланысты оғаш әрекеттерге бармаған.

Осы оқиғаға тікелей қатысы бар деген 4 адам өлім жазасына кесілді. Әйелдің өлімі Ауғанстанда қоғамдық толқу тудырды. Кабулда биліктің назарын аудару үшін көпшіліктің ұйымдасуымен қарсылық акциясы ұйымдастырылды. Олар әйелдердің ауыр жағдайына байланысты үкіметтен Фаркунданың өліміне байланысты зерттеуді әділ түрде жүргізуді талап етіп отыр.

0 пікір