Сирия босқындарына арнайы университет ашылатын болды
Сирия босқындарына арнайы университет ашылатын болды
9 жыл бұрын 2541 Islam-today.ru

Түрік үкіметі сириялық босқындарға арналған халықаралық түрік-катар ЖОО ашуды жоспарлап отыр. Катар елшілігі университеттің жобасын әзірлеумен айналысып жатыр.

«Еліміздің білім министрі жақында жер учаскесін бөлу туралы өтініш білдірген болатын. Біз бірнеше ыңғайлы жерді көрсеттік» - деді сол провинцияның мэрі Фатыма Сахин.

Бұл аталған оқу орны бірден 2 үлгідегі дипломды сириялық босқындарға берумен айналысатын халықаралық университет болмақ. Сонымен қатар, бұл университеттің ашылуы түрік-катар екіжақтың ғылым мен техника саласында өзара тәжірибе алмасып, бірлесе жұмыс жасауға мол мүмкіндік тудырмақ. 

0 пікір
Мұрағат