Еліміздің басым аймағында жауын жауып, күн күркүрейді
Еліміздің басым аймағында жауын жауып, күн күркүрейді
2 жыл бұрын 836

Қазақстанның басым аумағында атмосфералық ағымдардың өтуінен жауын жауып, найзағай ойнайды, екпінді жел соғып, кей жерлерде бұршақ түседі, деп хабарлайды BNews.kz.

«Ақмола, Жамбыл, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, күндіз Оңтүстік Қазақстан облыстарында кей жерлерде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ке дейін күшейеді. Қостанай облысында кей жерлерде бұршақ жауып, тұман түседі, желдің жылдамдығы кей жерлерде 23 м/с-ке дейін жетеді. Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде бұршақ жауып, тұман түседі, 15-20 м/с жел соғады, Маңғыстау облысында кей жерлерде тұман түседі деп күтілуде. Жамбыл өңірінің кей жерлерінде төтенше жоғары өрт қаупі сақталады», - делінген Қазгидрометтің хабарламасында. 

Бұған қоса, алдағы күндері өзендерде су деңгейі ауытқиды.

0 пікір