Мысыр президенті Сисидің қажылығы өзгеше болды
Мысыр президенті Сисидің қажылығы өзгеше болды
2 жыл бұрын 1958

Мысыр президенті Абдулфаттах Сиси Сауд Арабиясына ресми сапармен барды. Ақыры жолы түсіп тұрған соң біржолата Қағбаны зиярат етейін деді ме, әйтеуір өзімен бірге еріп келген делегациясымен түгел ихрамға кіріп, кіші қажылық рәсімдерін атқарды. 
Алайда, Сисидің бұл кіші қажылығы өзгеше болды. Саудияның әскері Сиси мен оның делегациясын арадан шыбын өтпестей қоршап, иық тіресіп, қолтықтасып, шеңбер ішінде алып жүрді. Зиярат бастан-аяқ осылайша атқарылды. Тіпті, Сиси тәуап етіп жатқанда, қарапайым мұсылмандар маңайдан шеттетіліп, Қағбаға жақындауға жол берілмеді. 

1 пікір
  • Халықты қанға бөктірі таққа отырған Сисидің мұсылмандардан әбден зәре-құты қалмаған секілді ғой. Тіпті, жан-жануар, жәндіктердің өзін өлтіру харам саналған әл-Харам аймағында осыншама күзетпен қажылық рәсімін өткізу оның мұсылмандығына сын! Әлде ол ихрамға кірген соң қантөгіске жол жоқ екенін білмей ме? Жарайды, Сиси білмесе де Саудия билігі біледі емес пе? Оған осынша күзет қойып отырған Саудия неге бұған жол беріп отыр?
    Баяғыда Хазірет Омар халиф болып тұрған кезінде талдың көлеңкесін саялап жата беретінін талай оқыдық. Сонда оның осындай бір жатысында Византия ма еді, бір жақтың елшілері келіп, қайран қалып, "Елін әділеттілікпен басқаратын патша ғана осылай алаңсыз ұйықтай алады" деген ғой.
    Осыдан-ақ Сисидің елді қалай басқара алатынын бағамдай беріңіз!
    Бұған Яһудилердің раввині Израилді құтқару үшін Сисиден көмек сұрайтыны да көңілді күпті етеді. Оның арғы жағын қазсаңыз, бұған осынша күзет қойып, президент болғанында құттықтау үшін арнайы барған Саудия королінің де шикілігі бар демек. Бұдан да басқа былықтарын тізе берсең, шаш-етектен...
    2 жыл бұрын