Франция мен Ұлыбритания Ирак күрділерін қарумен жарақтандырады
Франция мен Ұлыбритания Ирак күрділерін қарумен жарақтандырады
10 жыл бұрын 3194 baq.kz

Франция мен Ұлыбритания билігі Ирактағы жиһадшылармен соғысып жатқан күрділерді қару-жарақпен қамтамасыз ететін болды. 

Мұндай келісімге Франция президенті Франсуа Олланд пен Ұлыбритания премьер-министрі Дэвид Кэмерон телефонмен сөйлесу кезінде келген.
Франция президентінің баспасөз қызметі хабарлағандай, тараптар алдағы әрекеттерін екі бағытта жүзеге асыруға келіскен. Оның алғашқысы - бейбіт тұрғындарға қолдау көрсетіп, оларды гуманитарлық көмекпен жарылқау. Екіншісі - лаңкестермен күресіп жатқан күрділердің жауынгерлерін қарумен жарақтандыру деп хабарлайды BBC News. 

1 пікір
  • АҚШ, Франция, Ұлыбритания барлығы бірігіп соғысты өздері ұйымдастырып, артынан екі жақты да қаруландырып бизнес жасау үстінде. Әлемде бейбітшілік орнатамыз деп залымдық тудырып жатқан олардың нақ өздері
    10 жыл бұрын
Мұрағат