Мысық тастанды шарананы аман алып қалды (видео)
Мысық тастанды шарананы аман алып қалды (видео)
2 жыл бұрын 2338

Мысықтың тастанды шарананы құтқарып қалғаны туралы ақпарат алдымен «Калуж қиылысы» басылымында жарық көрді. Сол сол-ақ екен, бұл жаңалықты The New York Post, Washington Post, Daily Mail, International Business Times батыстың азуын айға білеген ақпарат көздері әлемге таратты. Ақпаратқа қарағанда, Ресейде белгісіз біреу екі айлық шарананы тұрғын үйлердің тұрмыстық қалдықтары тасталатын қоқыс жәшігінің жанындағы Машка деп аталатын мысық жатып жүрген қорапқа салып кетеді. Мысық шарананы өз денесімен жылытып, мияулап, жүргіншілердің назарын шаранаға аударуға тырысады. Артынан адамдар шарананы байқап қап, дереу ауруханаға жеткізеді. Шарананың денсаулығына зақым келмеген. Куәгерлердің айтуынша, шарананы «жедел жәрдем» алып кетпек болғанда мысық одан айырылғысы келмей машинаға секіріп мінбек болған. Алайда, дәрігерлер оны көліктің салонына кіргізбепті. Осы хабар тараған соң бала мен мысықты асырап алғысы келетіндердің қарасы көбейген. 

2 пікір