Мектеп оқушыларын қарумен қорғайтын болды
Мектеп оқушыларын қарумен қорғайтын болды
2 жыл бұрын 853

ТАСС ақпарат көзінің хабарына қарағанда, Пәкістанның Хайбер-Пахтунхва провинциясында ұстаздарға мектеп оқушыларын шабуылдардан қорғау үшін өздерімен бірге қару алып жүруге рұқсат берді. Билік тарапына мұндай қадамға 2014 жылдың желтоқсан айының 6-ы күні Пешавар елді-мекеніндегі орта мектепте орын алған эктремистердің шабуылынан кейін барып отырғанын айта кету керек. Ұстаздар болуы ықтимал терактінің алдын алу әрі оқушылардың өмірі мен денсаулығын қауіп-қатерден қорғау үшін қолындағы қаруын міндетті түрде тіркетуі керек. Амалсыздан қолға алынған сақтық шарасына жергілікті биліктің осы аймақтағы 30 мыңға жуық білім беру мекемесінің қауіпсіздігін қамтамасыз ете алмайтыны түрткі болған.

0 пікір