Мұсылманша неке қидыру ресми сипат алады
Мұсылманша неке қидыру ресми сипат алады
3 жыл бұрын 3131

Оңтүстік Африка Республикасының мұсылмандары үш ғасыр бойы шариғат талаптарына сай неке қидыру рәсімінің мемлекеттік тұрғыдан ресми мойындалуы үшін күресіп келді. Ендігі жерде арнайы білім алған имамдар неке қию құзыретіне ие болады. Бұрын шариғат талаптарына сай шаңырақ көтерген жұптың балалары некесіз өмірге келген деп есептелген. Ол ол ма, ерлі-зайыптылардың бірі қайтыс болған жағдайда екінші жартысы оның дүние-мүлкіне ие болу құқығынан айырылады.

Мәселен, 1994 жылы бүгінде марқұм болып кеткен Зулейха Дэнилс есімді мұсылман әйелі күйеуі өмірден озған соң баспанасынан айырылып, далада қаңғып қалған еді. Күйеуі Мұхаммед Дэнилспен арадағы некесі мұсылманша қиылғандықтан заңсыз деп танылған болатын.

0 пікір