Үндістанда 29 мұсылман жер жастанды
Үндістанда 29 мұсылман жер жастанды
3 жыл бұрын 1372

Үндістанның солтүстік-шығысында лаңкестердің қолынан кем дегенде 29 мұсылман опат болды. Қаза тапқандардың арасында әйелдер мен балалар да бар. Бодо тайпасының бақайшағына дейін қаруланған содырлары Ассам штатына қарасты әлдебір елді-мекенде 40 үйге от қойып, өртеп жіберген. Артынан жергілікті тұрғындарға оқ жаудырған.

Бодо тайпасының содырлары жергілікті мұсылмандарды: «Көрші жатқан Бангладештен заңсыз жолмен келген», - деп, адам санатына қоспайды. Содырлардың сойқанынан сескенген мұсылмандар тек қажетті заттарын алып, Бангладешпен шекаралас Дубри ауданына көшіп жатыр.

0 пікір
Мұрағат