Саябақ үй салынады
Саябақ үй салынады
10 жыл бұрын 3561

Шри-Ланканың Milroy Perera Associates деп аталатын сәулет фирмасы саябақ үйдің жобасын жүзеге асырып жатыр: биіктігі 186 метрді құрайтын, 46 қабаттан тұратын зәулім үй тұтас өсімдіктермен көмкерілетін болды. Өткен жылы қолға алынған үйдің құрылысы 2016 жылы аяқталады. Clearpoint деген атауға ие болған саябақ үйде 164 пәтер болады. Осынау өзгеше жобаны жүзеге асырып жатқан сәулетшілердің сөзіне қарағанда, саябақ үй қаланың қақ ортасында болса да, ондағы тұрғындар табиғаттың аясында жүргендей сезінеді.

Әр террасадағы өсімдіктер тұрғындарды күннің аптап ыстығынан, көмірқышқыл газынан қорғайды. Ондағы өсімдіктер жауын суынан жиналған сумен автоматты түрде суғарылатын болады. Мұның өзі су ресурсын үнемдеуге мүмкіндік береді. Кондиционер орнатылмайды. Өйткені, барлық қабатта желдеткіштері болады.

Бұған қоса, үйдің шатырына күн энергиясын пайдалануға мүмкіндік беретін батареялар орнатылатын болады.

0 пікір
Мұрағат