Министр лампаны микрофон екен деп қалды (видео)
Министр лампаны микрофон екен деп қалды (видео)
2 жыл бұрын 1008

Польшаның қорғаныс министрі Томаш Семоняк YouTube порталында жұлдызға айналды. Ол мінбедегі лампаны  микрофонмен шатастырып алды. Бұл жайында Newsru.com ақпарат көзі хабар таратты. Бұл видеоны 500 мыңнан аса адам тамашалаған. Бұл қызықты оқиға жыл сайын өтетін әскери қарулы күштерінің жиналысы кезінде ұлттық стадионда орын алған. Десе де, министр бұған бола сөзінен жаңылып, абыржыған жоқ. 

2 пікір