Ғалымдар біздің галактикамыздың ғаламдағы орнын көрсетіп берді
Ғалымдар біздің галактикамыздың ғаламдағы орнын көрсетіп берді
2 жыл бұрын 1094

Гавайдың Аческ астрономиялық институтының Брент Талли жетекшілік еткен ғалымдары салыстырмалы түрде 100 мыңдаған көршілес галактикалар арасындағы біздің галактиканың орнын анықтап, Құс жолы маңының барынша дәл картасын жасады. Бұл жайында The Daily Galaxy ақпарат көзі хабар таратты. Ғалымдардың айтуынша, біздің галактика жуырда сәйкестіндірілген галактикалардың орасан зор шоғырының бір бөлігі болып таабылады. Бұл шоғырға ғалымдар Ланиакея (Laniakea) деген атау берді. Бұл сөздің төркіні гавай тілінен аударғанда «Құшақ жетпес аспан» деген мағына береді. Ланиакеяның диаметрі жарық жылдамдығымен есептегенде шамамен 500 млн жылды құрайды.

0 пікір